spot_img
Жексенбі, Маусым 23, 2024
18.8 C
Kokshetau

Көкшетауда 40 астам жасөспірім актерлік шеберліктен мастер класс өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Жастар – жарқын болашақтың айнасы» атты актерлік және шешендік өнер курсы өтті, деп хабарлайды облыстық ЖРО. 

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана» жастар театрының негізін қалаушысы, кино және театр актері – Әділ Ералыұлы Ахметов, театр/кино актёрі, режиссёр, мәдениет саласының үздігі – Сарсен Сүндет Жетекұлы және Республикалық Альянс студенттер қозғалысының төрағасы – Наукен Ұлан Аманқазыұлының қатысуымен Ақмола облысы жастарына арналған «Жастар – болашақтың жарқын айнасы» атты актерлік және шешендік өнер курсы өтті.

Іс-шараның модераторы Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығының басшысы – Ермеков Дастан Амангелдіұлы қатысушыларға спикерлерді таныстырып, сөз тізгінін ұстатты.

Актерлік қызметтік қиындықтары мен қызықшылықтарына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, спикерлер өздерінің өмірлерімен бөлісті.

«Актёр болу оңайда,қиында емес! Бірақ әрбір жұмыстың ауыр жағы болады. Егер жұмысты жеңіл жағымен де ауыр жағыменде көтере білсек, кейін сол жұмыстың нанында жейтін өзіміз. Ең бастысы алдымызға мақсат қоя біліп, оған жету үшін шыдамдылық танытып, ұмтылсақ, біз кез-келген қиындыққа төтеп бере алатынымыз сөзсіз» – дейді «Астана» жастар театрының негізін қалаушысы Әділ Ералыұлы.

Кездесудің екінші жартысында Сарсен Сүндет жастарға арнайы тренинг өткізіп, актер болудың қыр-сырын практика жүзінде көрсетті.Студенттер өздерінің актерлік шеберліктерін бойында бар екенін дәлелдей білді. Сонымен қатар, Әділ Ахметовте қатысушыларға мастер-класс өткізіп, өз ойымен және кеңесімен бөлісті.

«Бүгінгі шараға Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ пелагогоикалық колледжі, 5510 әскери бөлімнің сарбаздары және жұмысшы жастардан құралған 100-ге жуық жас буын қатысты. Әрқайсысының өнер майталмандарына қояр сұрақтары баршылық болды. Актерлік жолға қалай келгені, қызықты сәттері, өмірлік ұстанымдары және тағы басқа сұрақтарға спикерлер ауыз толтырып жауап бере алды. Алдағы уақытта аталмыш мастер-класстарды тағы да өткізіп отырамыз» – деп, облыстық ЖРО басшысы Дастан Амангелдіұлы тоқталып кетті.

Шара соңында спикерлерге Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы атынан алғыс хаттар, ал қатысушыларға актерлік курстан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «MIND»акселератор командаларының Ақмолалықтармен кездесуі өтті

 Іс-шара Қазақстандағы БҰҰДаму бағдарламасының (БҰҰДБ), ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының қоғамдықжобалық кеңсесінің және Maqsut Narikbayev Universityқолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі топтар мен ұйымдар,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img