spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 28 кәсіпкердің құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша әкімдіктердің ішкі бақылау қызметтерімен бірлесіп 28 кәсіпкердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті.

Осылайша, бұған дейін ауылдық елді мекендерде ақылы негізде жер учаскелерін беру кезінде жергілікті атқарушы органдар жер комиссиясының қорытындыларында Мемлекеттік корпорацияда бағалау құны актісін дайындау қажеттігін көрсетпеген. Осыған байланысты, жер учаскесін игергеннен кейін (дүкен және өзге де кәсіпкерлік объектілерін салу) сатып алғысы келетін адамдар әкімдіктер түпкілікті шешім қабылдаған кезде бас тартуларға тап болды.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу болып табылады.

Осыған байланысты, Департамент жағдайды талдап, жергілікті атқарушы органдарға жер комиссиясының қорытындыларында сатып алынатын жер учаскелерінің бағалау құнының актілерін дайындау қажеттігін көрсету туралы ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде, 28 кәсіпкер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен бірнеше рет бас тартусыз, кедергісіз жер учаскелерін ресімдеуге мүмкіндік беретін жер комиссиясының оң қорытындыларын алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img