spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды.
Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды.
Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді.
Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық!»
(Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында айтқаны.25 сәуәр 2024 жыл.)
——————————————–Көкшетауда 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған салтанатты жиында Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ «Ел бірлігі — тасқынды жеңді!» деп ақмолалықтардың табиғи апат-су тасқыны кезіндегі ұйымшылдығы мен жалпы ел бірлігі мен ынтымағының маңызын осылай сипаттады.Қалың елге ризашылығын білдірді.
***************************
-Әлмисақтан бері «Бірлік» деген осы бір ғана сөз біздің халқымыз үшін қастерлі де қасиетті ұғым болатын. «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле», деген халықпыз біз,- дей келіп облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың 25 сәуірінде өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық!»,-деп қиын сәттегі ел бірлігінің маңыздылығына тағы да ризащылығын білдірді! Расында біз тасқынды ел бірлігінің арқасында жеңдік! Тағы да аса зор ризашылықпен айтамын «Ел бірлігі тасқынды жеңді!
Өңір басшысы Марат Ахметжанов «ЕЛ БІРЛІГІ ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ» дей келіп, ақмолалықтардың су тасқыны кезеңіндегі ерліктері мен жан қиярлық істеріне жоғары баға берді.
– -Қазір су тасқынының күрделі кезеңі артта қалды. Біз елді мекендерді жаппай су алып кетуіне жол бермедік. Екі жарым мыңға жуық адамдарды дер кезінде әрі жедел қауіпсіз аймақтарға көшіріп, барлық күшті, барлық ресурстарды табиғи апатқа қарсы күресуге жұмылдырдық,-деді Марат Ахметжанов өз сөзінде.
Ақмола облысы 95 елді мекендерге тасқын судың қаупі тікелей төнген болатын. Осы 95 елді мекендерде 8 мыңнан астам тұрғын үйлер мен ауыл адамдарының шаруашылықтары, мал-мүліктері бар еді.
«Ер азамат етікпен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен» күн туды!
Сол бір қиын да қыстау кезеңде облыс әкімі Марат Ахметжановтың өзі бас болып, «етікпен су кешті», қайыққа мініп су алған Үшқарасу ауылына да барды.
Мұны ел көрді, көз көрді!
«Ең бастысы – адамдардың өмірін сақтап қалдық!»-деді әкім.

Шынында өмір үшін күрес жүріп еді!
Айы-күні жетіп, толғағы келген қаншама әйелдерді аса қиын жағдайда босандырып, ананың да баланың да өмірін сақтап қалғанды айтсаңызшы!
Қалың су жүріп жатқан қарбалас кезде Көкшетаудағы Авиация жедел жәрдем орталығына қоңырау түсті.
Шалғай аудан орталығында аяғы ауыр әйел қиналып жатыр! Тез арада «әуеден» жеткен Ақмола облыстық ауруханасының дәрігері Татьяна Шафигина мен медбике Марина Черепашкова жаны қиналып жатқан анаға жедел ота жасады. Сол ананың ішін жарып, егіз шақалақты «дүниеге» әкелді. Ананы да егізді де аман сақтап қалды.
Салтанаты жиында дәрігер Татьяна Шафигина мен медбике Марина Черепашкова облыс әкімінің Алғыс хатын да,сый-сияпатын да алды! Халық дуылдата қол соқты!
Төтенше жағдай, Ішкі істер, Мәлік Ғабдуллин атындағы Акдемияның және № 5510 әскери бөлімшенің курсанттары мен офицерлері белуарларынан мұзды суды кеше жүріп, адамдарды кей жағдайда арқалап судан алып шығып жатты.
Еңкейген кәріден, жас балаға дейін судан зардап шеккендерге күн-түн демей көмек етудің, қолқабыс жасаудың харекетімен жүрді.
Салтанатты жиынның сахнасына Бұланды ауданындағы «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ анасымен бірге шықты. Ол өз шамасы келгенше гуманитарлық көмек жинасты.
Ал, Көкшетаудағы № 1 лицейдің оқушысы АРТУР ГАЙТ өрт кезінде өзінің бір жасар інісін жалынның ішінен аман алып шығып, құтқарып қалды.
Осы қос балапан, Абзал да, Артур да әкімнің алғысын да, сыйлығын да алды!
Әкімнің алғысы-халықтың алғысы еді!
-Қазір жойқын су тасқынының зардабын мейлінше тезірек жою біздің басты міндетіміз. Әр қиындықтың соңында – бір жақсылық бар,-дей келіп облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ешбір азамат назардан тыс қалмай, мемлекет тарапынан сәйкес қолдау мен көмек көрсетіледі» дегенін алға тартып, таяуда Көкшетау қаласында үйлері суға кетіп, баспанасыз қалған отбасылардың алғашқы легіне жаңа пәтердің кілттері берілгендігін және осы бағытта жұмыс одан әрі жалғасатындығын айтты.
Қызыл су жүрген аймақтардың адамдарына бір жолғы көмек берілді.
Тасқыннан зардап шеккендердің шығындарын өтеу де қолға алынып жатыр.
Ел бірлігі мызғымасын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Мереке құтты болсын!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img