spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады.

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп, санаулы азаматтар ғана қалуда. Ақмола облысының аумағында бүгінде сол бір сұрапыл жылдары жаумен алысып, Жеңісті жақындатқан 5 ардагер ғана тұрып жатыр. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, олар – Жақсы ауданының тұрғыны Анатолий Комяков, атбасарлық Петр Бирюков, көкшетаулық Казимир ⁠Беймарт,  щучьелік ⁠ Арсентей Шудляк, бұландылық Иосиф ⁠Комин.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар да 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлем алады. Сонымен бірге, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарға қатысқан ардагерлерге 25 айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем төленбекші.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img