spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуіне орай, күрделі су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындардың тұрмыстық жағдайы бұзылып, Көкшетау қаласында жергілікті маңызы бар төтенше жағдай режимі жарияланды.

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халыққа Үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осы шешім қабылданғанын айтты.

«Төтенше жағдай шеңберінде барлық шығындар бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі. Жерлестеріме жағдайды түсінгендері және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін», – делінген қала әкімінің үндеуінде.

Айта кетсек, бүгін Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды.

Барлық зардап шеккендер 8 775 666 99 08 (Whatsapp) телефон нөмірі бойынша хабарласуын сұрайды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика