spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Мектеп көшбасшысының маңызды қасиеті – қарым-қатынас жасау қабілеті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасыны бойынша Степногорск қаласы білім бөлімінің Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ басшысы, жоғары білімді, басшы-көшбасшы санаты бар. Мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-сарапшы Мұхтар Икранбектің еңбек өтілі 7,5 жыл.

– 2023 жылы алғаш рет еліміздегі «Білім беру өзгерісінің 1000 көшбасшысы» жобасы туралы мектеп директорынан естіген болатынмын. Бастығым қолқа салып, осы курстан өтіп ал деген соң, меселін қайтармай, бір жағынан бағымды сынап көрейін деген оймен осы кадрлық резервке жазылуды шештім. Жобаның бағдарламасы бойынша алғашқы кезең тест тапсыру еді. Нормативтік құжаттарды оқып, тыңғылықты дайындықпен тест тапсыруға келдім. Дегенмен, тест тапсыру кезінде мүлдем біз күтпеген сұрақтар мен психометриялық тестен өту керек болды. Тест тапсырып болғаннан кейінгі ойымда, «Не болса да бағымды сынап көрдім, өте алмасам реніш жоқ», – деген ой ғана болды. Дегенмен жақсы жаңалықтың да ауылы алыс болған жоқ. Маусым айының соңында жобаның келесі кезеңіне өткенім туралы хабар келіп, бірнеше кезеңнен тұратын курстан өту керек екені белгілі болды. Курс шілде айынан қазан айына дейінгі аралықтарда өтіп, базалық, ілгері және кәсіби деңгейлерден тұрды. Әр деңгейден кейін сынық, рефлексиялық есептер жазып, алған білімімізді дәлелдедік. Соның нәтижесінде еліміздің кадрлық резерв базасына ендім, – дейді Мұхтар Икранбек.

Әрине, әрбір білім беру мекемесіне мектептің тиімді жұмыс істеуін және оқушыларды табысты оқытуды қамтамасыз ете алатын білікті және шабыттандыра алатын басшылар қазіргі таңда ауадай қажет. Көшбасшылық қасиеттер мектепті басқаруда шешуші рөл атқарады, сондықтан мектеп басшысы қандай қасиеттерге ие болуы керек екенін анықтау маңызды. Бұл жоба бізге еліміздегі кез-келген мектепті жақсы деңгейге көтеру үшін, мектеп басшысында қандай көшбасшылық қасиеттер болуы керек? Қоғаммен қандай қарым-қатынаста болуы керек? Мектептің дамуын қалай жүзеге асыру қажет? деген сан түрлі сұрақтарға жауап алуда көп мүмкіндіктер бере алды.

Аталған жобадан мен басшылардың бойында болуы керекті келесі қасиеттерді атап өткім келеді:

Мектеп көшбасшысының бірінші және ең маңызды қасиеті – қарым-қатынас жасау қабілеті. Көшбасшы жақсы тыңдаушы болуы керек және мектеп қауымдастығының барлық мүшелерімен, соның ішінде мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен және басқа қызметкерлермен шынайы қарым-қатынасты сақтай білуі керек. Жақсы қарым-қатынас түсініспеушіліктерді жоюға, кез-келген мәселелерді алдын ала болжай білуге, түсіністікті жақсартуға және мектепте қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Көшбасшының екінші маңызды қасиеті – басқаларды ынталандыру және шабыттандыру қабілеті. Көшбасшы кәсіби шеберлік пен этиканың жоғары стандарттарын көрсете отырып, үлгі болуы керек. Ол мұғалімдерді өзін-өзі дамытуға және өз дағдыларын жетілдіруге ұмтылуға, ал оқушыларды оқу мен өмірде жетістікке жетуге ынталандыра білуі керек.

Көшбасшының үшінші маңызды қасиеті – шешім қабылдау қабілеті. Мектеп басшысы жиі қиын жағдайларға тап болып, бүкіл мектеп қауымдастығына әсер ететін күрделі шешімдер қабылдауы керек. Сондықтан ол ақпаратты талдай білуі, мәселенің барлық аспектілерін өлшей білуі және қысқа мерзімде негізделген шешімдер қабылдауы керек.

Сонымен қатар, мектеп басшысы стратегиялық жоспарлау қабілетіне де ие болуы керек. Көшбасшы мектептің мақсаттары мен басымдықтары туралы нақты түсінікке ие болуы керек, оларға жету жоспарларын құруы және оларды жүзеге асыру үшін ресурстарды тиімді басқара білу қабілетімен ерекшеленуі маңызды.

2024 жылдың ақпан айының 16 күні Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясына мектеп басшысы болып тағайындалдым. Мектебіміз қаладағы көлемі жағынан да, оқушылар саны жағынан да ең үлкен мектептердің бірі болып табылады. Білім беру өзгерісінің 1000 көшбасшысы жобасы мектепті басқаруда, ұжыммен қарым-қатынасты жақсартуға, оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуде, сыртқы байланыстарды нығайту бойынша, мектебімізге бірнеше жобаларды енгізу жағынан көп септігін тигізеді деп сенемін. Басшылық жұмысты енді ғана бастағандықтан жасалынатын жұмыстардың нәтижесін айту әзірге қиындау, дегенмен білікті мамандардың арқасында, ата-аналар мен оқушыларды біріктіре отырып, жақсы жетістіктерге жетемін деген сенімдемін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img