spot_img
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
19.2 C
Kokshetau

Бурабайлық Анель еркін күрестен екі дүркін Қазақстан чемпионы

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда өткен 17 жасқа дейінгі кадеттер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталып, мәресіне жетті. Бұл республикалық турнирде Бурабай ауданының «Самға» спорт клубының өкілі Анель Шоқаева өнер көрсетті. Ол әйелдер арасындағы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, жеңіске жеттті.

Еліміздің ең үздік жас балуан қыздары жиналған республикалық турнирде Анель барлық бес жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жетіп, күрестің керемет дағдыларын көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Анель Түркістан облысының тәжірибелі спортшысымен кездесті. Тартысты жекпе-жекте Анель 11:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, өзінің жоғары шеберлігін дәлелдеп шықты. Оның техникасы, табандылығы және жеңіске деген ұмтылысы жасөспірімдерге үлгі.

Бұл Анель Шоқаеваның алғашқы жеңісі емес, Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында 2021 жылы өзінің талантын көрсетіп, күміс медальге қол жеткізсе, 2022 жылы өзінің салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алған болатын.

Анель мен оның жаттықтырушысы Сағыныш Көшербаевты осы керемет жетістігімен құттықтаймыз! Спорттағы мұндай қажырлы еңбегі мен табандылығы мақтан тұтарлық. Анельге халықаралық аренада табыс тілейміз!

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бас прокуратурада бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бас прокуратурада облыстардың және оларға теңестірілген аумақтардың прокурорларының қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн-қосылуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика