spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
-15.8 C
Kokshetau

Нұра топтық су құбырына техника бөлінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өтініш хаты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Төтенше жағдайлар министрлігінің резервінен Нұра топтық су құбырына қызмет көрсету жұмыстары үшін құны 200 миллион теңгеден асатын мамандандырылған техника бөлді.

Өзінің жөндеу бригадасын құру Нұра су құбырындағы авариялық жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Осылайша Егіндікөл ауданына мамандандырылған техника бөлініп, соның есесінен бұдан былай Нұра топтық су құбырының жарылған тұстары жедел түрде қалпына келтірілетін болады.

– Ақмола облысының әкімдігіне Егіндікөл ауданының тұрғындары атынан алғыс айтқым келеді. Бригаданы құрудың алғашқы қадамдары қазірдің өзінде жасалды. Біз енді осы техникамен облыстан көмек келуін күтпестен өзіміз барып, жарылған құбырларды уақытында бүтіндей аламыз. Бұл техниканы пайдалану бізге суды үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді, – деді Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Курушин.

Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған 5 арнайы техника бар, олар – автосамосвал, автоцистерна және КамАЗ базасындағы тартқышы бар трейлер, экскаватор мен бульдозер.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика