spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «АМАNАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтіп, жиында партияластар сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын талқылап, халықтың талап -тілектерін шешу, партиялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы партиялық жұмыстың мақсат міндеттерінпысықтады. Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов  сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуда бастауыш партия ұйымдарының рөліне ерекше тоқталып өтті. Облыстық партия филиалы атқарушы хатшысы Ақманат Әлімбетованың есебінше бүгінде облыста 274 бастауыш партия ұйымына біріккен 38 мыңнан астам жуық мүшесі бар.Партиялықтардың халықпен тығыз қарым-қатынас орнату міндеті өз нәтижесін беруде. Соңғы екі айдың қорытындысы бойынша өңірде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1646 өтініш келіп түсіп, оның 1021 өтініші оң шешімін тапты.

Ал, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында дәл қазіргі уақытқа дейін облыстың 1071 азаматы   қаржылық сауаттылығын арттырды. Жыл соңына дейін барлығы 8200 азаматы оқыту жоспары тұр.

Өткен жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақмолалық ауыл тұрғындарына 1,2 млрд сомасына 198 несие берілді.

«Жер аманаты» жобасы аясында жекеге заңсыз өткен 203 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, одан әрі халыққа үлестірілді.
Форум барысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудағы бастауыш партия ұйымдарының рөлі туралы Жақсы аудандық «Шаңырақ» партия ұйымының төрағасы Ерлан Байдусенов баяндаса,  сайлау науқандарындағы тәжірибесімен «Заураловка» БПҰ төрағасы Елена Лысенко бөлісті.

Ал, «Қосшы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Баянды Сахария партиялық жобаларды іске асыру аясындағы тәжірибесімен бөлісті. «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобалары  аясында өз партия ұйымымда ардагерлермен және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен, балалардың аналармен  20-дан аса кездесулер өткізіп, партия жарнасынан қайтарылған 20% ақшаны партия жанынан құрылған комиссия шешіммен көмек көрсетуге жұмсадық»,- дей келе Баянды Сахарияұлы «Ұлтық мұра» жобасы аясында Қосшы қаласының мәдениет үйінің жанынан ашылған ұлттық музыка аспаптарының интерактивті мұражайының жұмысымен таныстырды.  Мұражайда 1600 ден астам аспаптардың сан түрі жинақталған. Алды 2 ғасырдан асқан музыкалық аспатар құнды мұралар осы жерден табылады. Елордаға келген қонақтар осы мұражайды тамашалап,  тек көріп қана қоймай, қолмен ұстап, ойнап көріп және асапаптардың қалай жасалатынын тамашалайды екен.

Партия құрылған күннен бастап қоның қоғамдық саяси жұмысының бел ортасында жүрген партия ардагері, 75 жастағы ақсақал Николай Яковлев Жарқайың ауданының бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін әлі күнге дейін абыроймен атқарып жүргендігі қуантты.  
Форум соңында жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған 20 партия ұйымының төрағалары марапатталды.

«AMANAT» партиясының

Ақмола облыстық филиалы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img