spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Автожолдарды қардан тазалау

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы уақытта күтіп-ұстауға 260-тан астам техника дайындалды. Жалпы, өңірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторы басқаратын республикалық маңызы бар екі жарым мың шақырымнан астам автожол бар.

Жолдарды қысқы күтіп-ұстау өңірдің көлік жүйесіндегі маңызды кезең болып табылады. Ол жолдарды қар мен мұздан тазартуды, көктайғақтың пайда болуын болдырмау үшін жол жабындысын реагенттермен өңдеуді, жол белгілерін, бағдаршамдар мен жарықтандыру құрылғыларын орнату және олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау арқылы жолда көрінуді қамтамасыз етуді, жол жабынына тұрақты техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізуді, сондай-ақ жолда авариялық жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы қыс мезгіліне 263 бірлік қар жинайтын техника, 25 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал, 700 тонна химиялық реагент және 600 тонна техникалық тұз дайындады.

Ақмола облысы бойынша «ҚазАвтоЖол «ҰК» филиалының хабарлауынша, күн сайын автожолдардың, су өткізу құрылыстарының, аялдама алаңдарының жүріс бөлігіндегі қар жамылғысын тазалау, көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалана отырып, көктайғаққа қарсы күрес, жол жиектерінен қар үйінділерін жинау, жол жағдайының элементтерін ұстау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img