Олардың ішінде 147 отбасы ажырасып, 104 жұп татуласқан. Бұл туралы толығырақ судья Мақсат Ақышев баяндайды.
Азаматтық процестік кодекстің 27-бабының 3- бөлігіне сай, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы, баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау; ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау; заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы; бала асырап алу және оның күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Некені бұзудың жолдары. Олар:
Азаматтық хал актілерін жазу бөліміне (АХАЖ) жүгіну және талап қою арқылы сотта бұзу.
АХАЖ-ға некенің тіркелген жері бойынша жүгінеді. Өтінішті сол жерге апарып беруге болады. eGov порталы арқылы онлайн арыз түсіру қызметі де бар.
Сотқа талап қоюды қолма-қол апарып беруге болады. Ал онлайн талап қою сот кабинеті арқылы жіберіледі. Оған электронды цифрлық қолтаңба керек. Мемлекеттік баж – 0,3 айлық есептік көрсеткіш.
АХАЖ арқылы қандай жағдайда ажырасуға болады;
Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:
– сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
– сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
- сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
– қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.
Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.
Осы шарттардың біреуі сақталса, АХАЖ арқылы ажырасуға болады.
Сот арқылы ажырасу тәртібі;
Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Мынадай:
- Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;
- ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;
- егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;
- ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа талап қою берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.
Жеке мүлікке не жатады
Неке және отбасы кодексінің 35-бабында ерлі-зайыптының жеке меншігі нақты көрсетілген. Олар:
некеге отырғанға дейін ерлі-зайыптының әрқайсына тиісті мүлік;
мұрагерлік тәртібінде немесе ақысыз мәмілелер бойынша ерлі-зайыптылар некеде болған кездегі мүлік;
бағалы заттар және басқа да әшекей заттарды қоспағанда, ерлі-зайыптының ортақ қаржысы есебінен сатып алынса да жеке қолданыс заттары (киім, аяқ киім және басқалары);
некенің нақты тоқтатылуына байланысты жеке тұру кезінде ерлі-зайыптының әрқайсы жинаған мүлік.
Ортақ мүлік дегеніміз не:
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
Жүкті әйелмен ажырасуға болмайды
Неке және отбасы туралы кодексінің 16-бабының 2-тармағына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды. Себебі әйел адам балаға қарап, 1 жастан асқаннан кейін балабақшаға барған соң ғана жұмысқа шыға алады. Осы уақыт аралығында әйелдің келісімінсіз сот ерлі-зайыптының некесін бұзбайды.