spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
18.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі Қосшы қаласына жоспардан тыс барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс кестесінен тыс Қосшы қаласындағы Жедел жәрдем орталығына барды, сонымен бірге туристік нысандарын аралап, қар тазалау жұмыстарын тексерді.

Қаладағы Жедел жәрдем орталығына облыс әкімі ескертусіз келіп, материалдық-техникалық жарақтандыруды тексеріп және мекеме қызметкерлерімен сөйлесті. Орталық қалалық емхананың ғимаратында орналасқан.

Әкімнің мұнда ескертусіз баруына шаһар тұрғындарының 103 бірыңғай желісіне қатысты көптеген арыз-шағымдары себеп болған. Бұл мәселені шешу үшін қоңырауларды қабылдауды жақсартудың жаңа тәсілдерін қарастыру қажеттігі айтылды.

Аймақ басшысы жедел жәрдемнің Бірыңғай ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуды, атап айтқанда қосымша жабдықталған 2 жедел жәрдем көлігін бөлуді тапсырды.

–Қалада халық саны белсенді өсуде. Жедел жәрдем қызметкерлері күн сайын арнайы тапсырма орындайды. Біздің міндетіміз – олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, – деді Марат Мұратұлы.

Салынып жатқан өрт сөндіру бекетін аралаған облыс әкімі стратегиялық нысанның маңыздылығын және оның құрылысын ерекше бақылау қажеттігін атап өтті.

Қала бойынша жұмыс сапары аясында қар тазалау жұмыстары тексерілді. Қосшы қаласының әкіміне су тасқынына қарсы іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізіп, қарды уақытылы шығаруды ұйымдастыру тапсырылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика