spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда мемлекеттік орган басшыларының қабылдауына жазылуға, кез келген бөлімге өтініш жазуға, сондай-ақ кеңестер алуға болатын облыстық Азаматтарды қабылдау орталығы іске қосылды.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында берілген тапсырма бойынша жүзеге асырылды. Елордада құрылған Бірыңғай Азаматтарды қабылдау орталығы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтар арасындағы тікелей байланыс стандартын орнатуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе Ақмола облысында жалғасын тауып, іске қосылды.

Жаңа орталықта азаматтарды бірінші болып облыс әкімі
Марат Ахметжанов қабылдады.

Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылының белсенділері жеке тұрғын үй құрылысының даму жоспарына сарқынды су қоймасын енгізу мәселесі бойынша өңір басшысына жүгінді. Қосшы тұрғындары ауыз су мәселесімен бетпе-бет келіп отырғандығын алға тартты. Қала әкімі Ғайдар Қасеновтың айтуынша, Нұра-Есіл кен орнынан тартылатын су құбырының екінші желісін тартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

Өтініш білдірген азаматтардың арасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Бикен Бөкенова да бар. Облыс орталығының тұрғыны жеке баспанаға мұқтаж. Көкшетау қаласының әкімі Б.Ғайсаның айтуынша Б.Бөкенова 1 миллион теңгеге тұрғын үй сертификатын алуға арнайы санатқа кіреді. Бұл сома «Отбасы банкінен» ипотека алу үшін бастапқы жарна болмақшы. Өтініш берушінің жалдамалы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау мүмкіндігі де бар.

Облыс әкімі барлық өтініш білдірген тұрғындарды тыңдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, мемлекеттік мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

–Бірде бір сұрақ назардан тыс қалмауы керек. Барлық процедуралар Заң шеңберінде орындалуы қажет, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жалпы, аталмыш Орталық кеңес беруге, жеке қабылдауларды жүргізуге және қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «e-Otinich» жүйесі арқылы сұраныстарды электрондық цифрлық қолтаңбалары тіркелген әртүрлі анықтамаларды беруге бағытталған. Мұнда кестеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттердің өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кесте облыс әкімдігінің және тиісті мемлекеттік органдардың сайттарында орналастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img