spot_img
Жұма, Тамыз 1, 2025
17.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданындағы сауықтыру кешенін салған мердігерге айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша облыста тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасына тексеру жүргізілуде.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Целиноград ауданы Родина ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.

Айта кету керек, мердігермен екі жылға жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

Нәтижесінде іргетасын салу кезінде қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды бұзу фактілері анықталды.

Мердігер «Риголит» ЖШС-не қатысты жүргізілген
іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігіне сәйкес (800 АЕК) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Целиноград аудандық сотының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі негізінде «Риголит» ЖШС жобадан ауытқығаны үшін лицензиясынан айырусыз 1 932 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.41edited 14:59

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика