spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Президентіміз бізді, қазақ елін биік мұраттарға бастап келе жатыр!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Жаңа жыл – әрдайым жаңа міндеттер жүктелетін, жаңа сын-қатерлерді еңсеретін кезең. Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Алайда бәсекеге қабілетті әрі дамыған ел болу үшін әлі де көп тер төгуіміз қажет.
( Жаңа жылмен құттықтауынан. 2024 жылғы 01 қаңтар.)
—————————-
Жиырма бірінші ғасырдың 23 жылын да артқа салып, жиырма төртінші жылын да қарсы алдық!
Келген жыл барша Адамзат баласына жақсылық әкелсін! Балалығы да даналығы да мол Қазақ халқының әр шаңырағы ырысты да бақ пен дәулетті болсын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауы үлкен ой салды, болашаққа деген сенімді нығайта түскені бар!
« 2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болды. Өмірде қуаныш пен қиындықтың алма-кезек болуы – заңдылық. Бірақ біз еңсемізді тік ұстап, келешекке әрдайым сеніммен қараймыз. Биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алуда. Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Еліміз үшін бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Халық санының өсуі – мықты мемлекет болудың және өркендеудің кепілі. Ал бақытты отбасы – бақуатты елдің арқауы,-дей келіп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық бағдары айқын ел ретінде тұрақты дамып келе жатқандығын алға тартты.
Қазір қоғамда Заң мен Тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету арқылы Әділ де Адал Қазақстан орнату жолындағы Президентіміздің маңызды ұстанымы біртіндеп жүзеге асып келе жатқандығын айқын тануға болар еді.
Әрине, бәрі бірдей бір күнде неге бола қалмайды деп аптығып жататынымыз да, кейде асыра, кейде батыра айтып жатарымыз да бар!
Дүниеге жақсылық бір күнде орнай қалар заман қашан болып еді?!
Бірақ та сол жақсы күндерге жетсек деген адал ниетті халқымыздың аңсарлы мақсатын Қасым-Жомарт Тоқаев адал жолмен, ауыр жолмен арқалап келеді.
2022 жылдың 21 қазан күні Президентіміз қабылдаған еді. Пікір алмасу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Сіз Қазақстанды экономикалық қиын жағдайда ғана қабылдап алған жоқсыз, сонымен бірге моральдық ахуалы да өте ауыр жағдайда қыбылдап алдыңыз!» дей отырып, елдегі жемқорлықты, әділетсіздікті, кедейшілікті жою және Президентіміздің «Маған халқымыздың ертең емес бүгін жақсы өмір сүргені керек» деген бір ауыз сөзін алға тартқан болатынмын.
Расында да, Президентіміз бізді, қазақ елін биік мұраттарға бастап келе жатыр.
Бұл орайда Мемлекет басшысының Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, Ұлттың сапасын арттыру, Ұлттың әлемге еңбекққор халық ретінде танылуын, Ұлттың білім мен ғылымды жетік меңгеруін, Ұлттың мемлекетшіл, отаншыл болуын, еліміздің байлығын, табысын азаматтарға әділ бөлінуін және бұдан да өзге көптеген, халыққа болсын дейтіндей ізгі ниетін, адал көңілін жоғары бағаласақ етті.
Бір ғасырдың ширегін де жиектеп қалдық. Уақыт зымырап барады. Сол уақыт адам баласын үлкен сынақтарға алуда. Қазақ баласы біз де тарих сынағынан өтіп жатырмыз!
Әсіресе, сол тарих сынағынан жақсы өту үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауындағы:
« Біз әрбір таңға үміт артамыз, әрбір жылдан жақсылық күтеміз. Ал үміттің ақталуы, арман-мақсаттың орындалуы өзімізге байланысты. Ең бастысы, еліміздегі татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты бағалайық. Бірлігі мықты елдің рухы биік болады. Ұлы Абай айтқандай, бірлік дегеніміз – ең алдымен, ақылға – бірлік. Мемлекеттігімізді сақтау үшін ауызбіршілігімізді сақтайық. Қастерлі Отанымызды көркейтеміз десек, табанды еңбек етейік,-деген бірауыз сөзін әрдайым жадымызда ұстайық!
*
Және де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауынан кейін Димаш Құдайбергеннің Қазақстан Республикасының Әнұранын асқақата, шалқыта, тебірене, таза бір жүрек үнімен шырқауы ерекше бір құбылыс болды деп санаймын!
Жер мен көктің арасын шарлап, дүниені жайлап жүрген Димаштың үнімен шырқалған Қазақ елінің, Сіз бен біздің Әнұранымыз кең әлемді, жаҺан жұртын шаттандырғаны анық! Әлем енді біздің Әнұранымызды қазақ баласымен бірге шырқайтын болады!
Е, Жаратқан иеміз, қазақ елінің жұлдызын жоғары ете гөр!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img