spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов: «Сіздерге қарап, болашаққа сенемін»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жаңа жыл қарсаңында облыста әр салада дарынды, қоғамдық жұмыстарда белсенді, көптеген жетістіктерге жеткен, жастар саясатын жүзеге асырып жүрген жастармен кездесті. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

Іс-шара «Aqmola Power» инновациялық жобалар байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарының, «Astana IT-Hab» Ақмола филиалы өкілдерінің, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауы жеңімпаздары көрмесінің тұсаукесерімен басталды.

Марат Ахметжанов құттықтау сөзіндеөскелең ұрпақтың өңірдің дамуындағы алатынорны ерекше екенін атап өтті.

 «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау және олардың оң бастамаларын қолдау. Бүгінгі жастар болашақтың ашық, белсенді және саналы азаматтары. Өңірімізде жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл қолжетімді және сапалы білім, жұмыс орындары, отбасын құру, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты қолдау», – деді аймақ басшысы.

Кездесу барысында қолдау шаралары мен жас ақмолалықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Жастар сарайын салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Жастар фестивалін өткізу, үлкен IT орталық құру және «200 игі іс» жобасын жүзеге асыру туралы ұсыныстар айтылды.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов олардың бастамаларын қолдап, қоғамға пайдалы болуға шақырды.

Кездесудің бір бөлігі ашық диалог форматында өтті. Шақырылғандар өз тілектерін білдіріп, пікірлерімен, идеяларымен бөлісті. Өңірбасшысы конструктивті диалог үшін қонақтарға алғысын білдірді.

Облыс әкімі іс-шараны қорытындылап, «Jas Aqmola» сыйлығының, «WorldSkills Kazakstan 2023» ұлттық чемпионатының, «Aqmola Power» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарына және «Тәуелсіздік ұрпақтары»грантының иегерлеріне алғыс хаттар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.

Айта кету керек, қазір облыста 212 мыңға жуық жас тұрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img