spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Туризм бойынша Ақмола облысы үздік үштікте!

Сондай-ақ...оқыңыз

Туризм Ақмола облысының экономикалық дамуында жетекші орынға ие сала. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский толығырақ баяндады. Аталмыш сала қандай жетістіктерге жетті және келесі жылға қойылған жоспарлар туралы АqmolaNews ақпараттық агенттігінен оқи аласыз.

Андрей Подгурскийдің айтуынша, соңғы жылдары аймақта туризмнің қарқынды дамуы байқалады. Бүгінгі таңда өңірдің туристік кластері 600-ден астам кәсіпорынмен қамтылған, бүгінде ол жерлерде 22 мыңнан астам ақмолалық қызмет етеді. Жалпы, туризм саласы аймақ экономикасына оң әсерін тигізіп келеді.

«Биыл туристерді орналастыру бойынша 16,5 млрд. теңгеге қызмет көрсетті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда 29% өсім бар, бұл өңірдің туризм саласын республикалық аренада 3 орынға жайғастырды. 2023 жылы салық түсімдерінің көлемі 4% өсіммен 2,3 млрд. теңгені құрады. 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып, 23,3 миллиард теңгені құрады. Биыл 23 миллиард теңгеге 65 инвестициялық жоба табысты іске асырылуда», – деп атап өтті Андрей Подгурский.

Өсуге және қарқынды дамуға бағытталған жобалар кеңінен әзірленіп жатыр. Келесі жылы туризм саласында 25 млрд.теңгеден астам инвестиция сомасына 30-ға жуық жаңа жобаны іске асыру жоспарланған. Ақмола облысына туристер ағынының оң динамикасы сақталып отыр. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірге туристік ағын 956,7 мыңды құрады. Аймаққа 15 мыңнан астам шетелдік туристер келді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3 мыңға жуық адамға көп. Салыстыру үшін, өткен жылдың осы кезеңінде облысқа 12 мыңнан астам шетелдік келді. Щучье-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтары-еліміздің туристік әлеуетін іске асыру үшін басым аумақтар, оларға жылына 1 миллионға жуық адам келеді.

Туризм нысандарын қолдауға да көп көңіл бөлінеді. Биыл ғана субсидиялауға жүз миллион теңгеден астам сомаға 12 өтінім қолдау тапты. Сонымен қатар, туризм саласына инвестициялар белсенді қарқынмен жүруде.

«Инвестицияларды тарту шеңберінде туризм объектілерінің, оның ішінде «Aqvura Resort» заманауи курортының зәкірлік жобасының құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылдың қаңтарында жобаның 1-кезеңі аясында қонақ үйі бар қалалық орталықтың құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, «Звездный» ДОЦ-ін қайта жаңарту, «Эко Виллаж Бурабай» қонақ үй кешенін және «Лес» демалыс аймағын салу бойынша жобалар іске асырылуда», – деп атап өтті туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский.

Өңірде туризмді дамытуда инфрақұрылымның да маңызы зор. Биыл Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту үшін 5 жобаны іске асыру жоспарланған еді. Нәтижесінде көлік инфрақұрылымының 4 жобасын іске асыруға 5,4 млрд. теңге сомасында қаржыландыру қолдау тапты. Бұл Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу сынды жобалар.

Бұған дейін туристердің наразылығы мен халықтың наразылығы тұрақ орындары мен қоқыс жәшіктерінің болмауы себебінен болған. Туризм басқармасының басшысының сөзіне сенсек, бұл проблемалық мәселе жақын арада өз шешімін табады.

«2023 жылы Бурабай кентінің аумағы 700 га болатын, тұрақ аумақтары мен туризмді дамыту аймақтарын көздейтін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспар әзірленді. Осы жылы 1 желі көшесі бойынша 500 орындық 1 тұрақ салу жобасы іске асырылды. Жергілікті атқарушы органдар жазғы кезеңде Щучинск-Бурабай курорттық аймағының санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізді. Осы мақсатта жедел штаб құрылып, курортты санитарлық тазарту және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, аймаққа 30 млн. теңге бөлінді. Бурабайда 27 қоқыс алаңы, 110 металл контейнер, 50 ағаш контейнер және 220 стационарлық урна, 80 орындық орнатылды, жазғы кезеңде қоқысты жинау және шығару кестесі бекітілді. Жазғы кезеңде «Бурабай Даму» ЖШС «Бурабай» МҰТП – мен бірлесіп 35 пикник аймағы орнатылды», – деп түсіндірді туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Зеренді курорттық аймағын дамыту қажеттігі туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы экологиялық және балалар туризмі саласында мамандануы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан Зеренді курорттық аймағында 2025 жылға дейін курорттық аймақтың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған 6 миллиард теңгеге жуық сомаға 31 инфрақұрылымдық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру көзделген.

Зеренді курорттық аймағын жазғы маусымға дайындау шеңберінде туристік объектілерге асфальт жабыны бар жол төсеміне жөндеу жүргізілді, 143 тірегі мен жарықтандыру аспаптары бар бүкіл демалыс аймағы бойымен автомобиль жолын жарықтандыру жүргізілді; 5 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған контейнерлерді, жағажай қолшатырларын, киім ауыстыруға арналған кабиналарды сатып алуға және орнатуға төрт миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. «Көкшетау» ұлттық паркінің аумағы демалуға арналған беседкалармен, орындықтармен және қоқыс контейнерлерімен абаттандырылған. Зеренді курорттық аймағының туристік объектілері өз салымдарының есебінен бұрын төселген талшықты-оптикалық желілерге интернет байланыс сигналын қабылдайтын күшейткіштерді орнатылды. Аймақтағы курорттық аймақтарды танымал ету үшін «Four Season» тұжырымдамасы аясында іс-шаралар өткізіледі.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img