spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында медициналық сабынды жоғары бағада сатып алмақ болған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілері анықталды – деп хабарлады брифинг барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин.

Мысалы, Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы көпсалалы облыстық аурухана жалпы сомасы шамамен 12,6 млн теңгеге бір данасын 8400 теңгеге медициналық сұйық сабын сатып алуды жоспарлаған болатын, алайда бір сабынның орташа нарықтық құны 3500 теңгені құрайды. Департаменттің уақтылы ұсынысының арқасында ұйым мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде 7,3 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Жыл басынан бері 1 млрд теңгеге жуық ұтымсыз жұмсалуына жол берілмеді.

«Мемлекеттік сатып алу мониторингі бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмауға бағытталған. Сондықтан біз тек жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың бағасын бақылайтынымызды атап өтемін. Мұндай жағдайлар белгілеу кезінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберіледі, содан кейін тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жоспарларын қайта қарайды және түзетеді немесе оларды жояды», – деді Айдос Жақиялин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика