spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласының өңдеу кәсіпорындарын аралады.
Сапар «Бижан ет комбинаты» ЖШС-не барудан басталды. Өңір басшысы өндірістік үй-жайларды аралап, өнім үлгілерімен танысты.
«Бижан» ЖШС – ет өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімнің ассортименті шұжықтың 15 түрін, ішкі өнімдерді, ет консервілерін және жартылай фабрикаттарды қамтиды. Өндірістік қуаттылығы жылына 1200 тонна.
Келесі нысан – «Sinegor-Grain» ЖШС. Кәсіпорын дәнді және майлы дақылдарды сақтаумен және оларды өңдеумен айналысады. Элеватордың өнімділігі – 30 мың тонна, диірмендер тәулігіне
160 тонна ұн өндіреді.
Серіктестік басшысы Жолымбет Хасеновтің айтуынша, диірмен кешені Ресей Федерациясы мен Түркияда шығарылған инновациялық қондырғылармен жабдықталған. Дәнді және майлы дақылдарды бір уақытта қабылдай алатын 2 бірегей қабылдау және өңдеу желісі бар. Жақын және алыс шетелдерге өткізу нарығы құрылды.
Жұмыс сапары «Гормолзавод» ЖШС-не барумен жалғасты. Кәсіпорын жылына 11 мың тоннаға жуық сүт, 511 тонна ашытылған сүт өнімдерін, 406 мың тонна сары май өндіреді.
Келесі кезекте облыс әкімі М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар соңында Марат Ахметжанов нысандардың қызметіне оң баға беріп, ауыл шаруашылығы саласын дамытуда облыстың болашағы зор екенін, өнім өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын отандық кәсіпорындарды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img