spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
26.2 C
Kokshetau

Көкшетау полицейлері бір түнде екі құқық бұзушылыққа қатысы бар мас күдіктіні ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында сағат 02.00 шамасында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының 102-телефон желісіне белгісіз адамның күзетілетін үй-жайдың кіреберіс есігіне зақым келтіргені және облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінің шлагбаумын сындырмақ болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Бұдан әрі куәгерлердің айтуынша, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
ЖБО операторы бөтеннің мүлкіне зиян келтірген тұлғаның сыртқы келбеті мен сипаттамасы туралы ақпаратты дереу облыс орталығының патрульдік полициясының барлық экипаждарына таратқан.
Ақпарат алғаннан кейін Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальонының әскер – 1 және әскер – 7 экипаждарының қызметкерлері қаскүнемді Әуелбеков көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен ұстап алған.
Ер адам мас күйінде болған және ол көпқабатты үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіруге тырысқаны анықталды. Сол үйдегі пәтер иелерінің бірі полицияға көмекке жүгінген.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика