Брифингте Полиция департаментімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында қандай жұмыстар жүргізілгені туралы басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманғожа Құсайынов айтып берді.
Бүгінгі таңда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында жұмыс істейтін Ақмола жедел қызметкерлерінің жұмыс үстелі кітабы болып табылады және жыл соңында осы қызмет бойынша оң нәтижелерді саралап айтуға болады:
2023 жылдың басынан бері өңір аумағында 82 есірткі қылмысының алды алынды:
– 56 сату фактісі;
– аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаудың 16 фактісі;
– ҰҚТ-қа қатысудың және ұйымдастырудың 2 фактісі;
– заңсыз жарнама жасау және насихаттаудың 4 фактісі
Жедел уәкілдер заңсыз айналымнан 216 кг-нан астам есірткі затын тәркіледі: 198 кг каннабис тобына жатады, 17.8 кг-нан астам синтетикалық есірткі.
Бірнеше сәтті арнайы операциялар нәтижесінде өңірде 5 нарколаборатория таратылды, олардың үшеуі синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан (Астрахан, Бурабай және Ерейментау аудандары) және екі фитолаборатория (Қосшы қ. және Шортанды ауданы).
Біздің өңірде ғана емес, жалпы еліміз бойынша ең ірі болып саналатын нарколабораторияны Ерейментау қаласында басқа елдердің азаматтары ұйымдастырған. Ағымдағы жылғы 31 қазанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Ақмола облысы ПД басқармасы қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы барысында заңсыз «кәсіпорын» таратылды. Мефедрон өндірісін таяу шет елдердің бірнеше азаматтары жолға қойғаны анықталды. Олар Қазақстанға тыйым салынған заттарды Астана қаласында өткізу үшін арнайы келген.
Биыл гашишті жеткізу мен өткізудің 3 арнасы жойылды, 5 адам ұсталды, олардан 65 килограмнан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленді.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар бөлігінде Ақмолалық полицейлер 44 000-нан астам оқушылармен және студенттермен кездесіп, 900-ден астам дәріс оқыды. Полиция департаментінің бастамасымен түрлі жобалар жүзеге асырылуда, олардың басты мақсаты -жас ұрпақты есірткі қаупінен қорғау, жастарда тыйым салынған заттардан аулақ болу дағдыларын қалыптастыру.