spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда көркемөнерпаздарға атақ беру кеші өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығында көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын беру жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті.

Шығармашылық ұжымдар үшін «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие болу ерекше құрмет. Бұл көпжылдық  қажырлы еңбектің нәтижесі.  2023 жылғы 15 желтоқсанда «Көкшетау» мәдениет сарайында көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Қазақстанда, бекітілген Қағидаға сәйкес «Халықтық» («Үлгілі») атағы аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңыздағы фестивальдерге үнемі қатысатын, «лауреат» немесе «дипломант» атағына ие, өзінің орындаушылық қызметінде жоғары шығармашылық деңгейге жеткен, кемінде 5 жыл тұрақты жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі.

Биылғы жылы Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан вокалдық, аспаптық, хореографиялық, театрлық және т. б. жанрларда жұмыс істейтін 20 көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымы «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына үміткер. Бұл ұжымдарда түрлі кәсіп иелері әуесқой шығармашылықпен айналысады: мектеп оқушылары, зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Атап айтсақ, «Балқадиша» фольклорлық этнографиялық ансамблі (Зеренді ауданы), «Реверанс» хореографиялық студиясы (Сандықтау ауданы), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы «Жауқазын» студенттік жастар театр студиясы (Көкшетау қ.), «Қазына» би ансамблі (Степногорск қ.), «Замандастар» ардагерлері хоры (Қосшы қ.), «Тұмар» этно-эстрадалық ансамблі (Целиноград ауданы), «Сазды әуен» фольклорлық ансамблі (Егіндікөл ауданы), «Сұңқар» квартеті (Аршалы ауданы), «Карнавал» би ұжымы (Жақсы ауданы), Ақкөл ауданы «Ренессанс» хореографиялық ұжымы, «Арман» драмалық ұжымы (Степногорск қ.), «Очарование» би ұжымы (Есіл ауданы), «Ассоль» би ұжымы (Целиноград ауданы), «Ақкөл арт-ложки» фольклорлық қасықшылар ансамблі (Ақкөл ауданы), «Роммакс» би тобы (Бурабай ауданы), «Оқжетпес сазы» домбырашылар студиясы (Бурабай ауданы), «Алтын күн» би ансамблі (Атбасар ауданы).

Көркемөнерпаздар ұжымдары өздерінің бейнематериалдарын, портфолиолары мен шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img