spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Көкшетауда өңіраралық конференцияда инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 13 желтоқсанда Көкшетауда «Үздіксіз білім беру контекстіндегі жеке қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы» атты үшінші өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті (Халықаралық қатысумен). Конференцияға ҚР Білім Министрлігінің инклюзивті және арнайы білім департаментінің өкілдері, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының мамандары мен ғалымдары, «Өрлеу» үздіксіз білім беру институты, Ш. Уәлиханов ат. Университеті, білім басқармалары, әдістемелік орталықтар, сондай-ақ жалпы білім беретін және арнайы мектептердің, колледждердің, ПМПК, ППТК педагогтары; таяу шет елдердің (РФ, РБ), ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімінде кәсіби өзін-өзі анықтаудың, ерте кәсіптік бағдарлаудың, мүгедек адамдардың кәсіптік білім алуының, арнаулы мектеп оқушыларын еңбекпен даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Конференцияның секциялық бөлімінде педагогтар жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бар балаларды кәсіби бағдарлаудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын ұйымдастыру; арнайы мектепте әртүрлі бейіндегі кәсіптік-еңбек бойынша сабақтар; колледждерде жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар ЕББҚ бар білім алушылардың тиімді кәсіби бағдарлануына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірін – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, жұмыс берушілердің және ЕББҚ бар адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру мәселелеріне қатысатын басқа да құрылымдардың өзара іс-қимылы мен бірлескен күш-жігерінің жоқтығын атап өтті.

Айта кетейік, Ақмола облысында 2019 жылдан бастап балаларды ЕББҚ бар адамдарды бағдарлау мәселелері бойынша және аталған мәселелерді шешуге бағытталған конференция өткізіліп келеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика