spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Көкшетаулық каратистер халықаралық турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталыңында спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз хатшысы Серік Садвакасов.

Жастар арасында каратэ спортының танымалдығы артып келеді. Бүгінгі таңда каратэнің төрт классикалық стилі бар. Олардың ішінде киокушинкай – кан каратэ мен Фунакоши каратэден көкшетаулық спортшылар жетістікке жетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қарашаның 23-26 аралығында Алматы мен Астана қалаларында осы спорт түрінен өткен әлем чемпионаттарында балалардың сәтті өнер көрсетуі соның дәлелі.

Осылайша киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнирге 33 елден 700 қатысушы қатысты. Оның қорытындысы бойынша көкшетаулық спортшылар үш алтын, үш күміс және бес қола медаль әкелді. Әлімжан Молдағали, Еркежан Қиямеддин, Нарғыз Ұзақбай алтыннан алқа тақты.

Фунакоши  каратэ жарысына 10 елден мыңнан астам спортшы қатысты. Бұл спорттық бағдарламада көкшетаулықтар 7 алтын, 7 күміс, 7 қола медальға қол жеткізді.

Желтоқсанның 11-і күні «Достар» мәдениет сарайында қала әкімі Бауыржан Ғайса мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары арасында кездесу өтті. Әкім спортшыларды спорттағы жоғары жетістіктерімен құттықтап, спорттық жолында толағай табыстар тілеп, алғыс хаттар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Шара соңы «Достар» мәдениет сарайы өнерпаздары әзірлеген  мерекелік концертке ұласты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img