spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Астанада алғаш рет «Kóshpendiler áýeni» халықаралық этникалық музыка фестивалі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз
11-13 желтоқсан аралығында елорда жұртшылығы этникалық музыка әлемінің үздік өнерпаздарымен қауышпақ. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Kóshpendiler áýeni» халықаралық этникалық музыка фестивалінде Қырғыз Республикасы,  Түркия, Өзбекстан, Якутия және Қазақстанның әртістері,  «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері өнер көрсетіп жатыр.

Жобаның мақсаты – біртұтас этникалық шығармашылық орта құру, түркі халықтарының бірлігі мен руханиятын ұлықтау, тарихы тереңнен бастау алатын түркі мәдениеті мен өнерін дәріптеу.

Елорда тұрғындары мен қонақтары  өткеннің бейнесін жаңғыртатын даланың фольклорлық әуендерін тыңдап, көшпенді халықтардың рухани мұрасымен жақынырақ танысады.

Фестивальдің бірінші күні танымал қырғыз әншісі, дастаншы, композитор, қомузшы, Қырғыз Республикасының халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Аманова және Түркия Республикасының жұлдыздары – әнші Фериаль Башель мен кәсіби музыкалық мансабын баглама халық аспабында орындаушысы Альпер Кырач өнер көрсетті.

Фестивальдің екінші күні Өзбекстаннан келген «Мухаллес» дутарлық ансамблінің музыканты Гүлнар Алламбергенованың, Саха Республикасынан келген – виртуоз хомусшы, якут халық әндерін орындаушысы Айсен Деллоховтың, сондай-ақ Түркиядан келген – түркі әлемінде қазақтың ұлттық аспабы домбырамен өнер көрсетіп танымал болған ноғай халық жырауы, домбырашы әрі ақын Арсланбек Сұлтанбековтың қатысуымен концерт өтуде.

Үшінші күні дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, алқалы әлеуметке боямасыз насихаттап, алты құрлыққа паш етіп жүрген белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұстаз, әнші-жыршы, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Елмұра Жаңабергеннің сахнадағы 35 жылдық мерейтойына орай «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты шығармашылық кеші өтеді.

Соңымен қатар, концертке жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Жүсіпов, Салтанат Ерсұлтан, Асқар Мұқият, «HasSak» этно-фольклорлық тобы, ҚР МКҚ Президент оркестрі, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және Елмұра Жаңабергеннің шәкірттері Н.Ерталап, Н.Октябрь, А.Манас қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img