spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының прокурорлары алимент төлемеушілерге шара қолданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде заңға сәйкес атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Осы қадағалаудағы басым бағыттардың бірі алимент өндіріп алу болып табылады.

Облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жандандырды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратураның үйлестіру шараларымен алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 28 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркелді, оның ішінде 8 борышкер бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 600 млн тенгеден астам алимент бойынша қарыз өтелді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика