Красный Яр ауылының информатика пәнінің мұғалімі Минас Ерланулы жас маман бола тұра, өз әріптестеріне қызықты сабақ өткізуге көмектеседі.
Әдетте мұғалім бастауыш сынып оқушысында сабақ жоспарына сәйкес қажетті ұғымдарды қалыптастыру үшін әртүрлі құралдар жинағын пайдаланады. Мысалы, Минас Ерланұлы информатика сабақтарын оқыту кезінде өзі құрастырған ойын платформаларын пайдаланады.
Өткен жылы Жас мұғалім TikTok бейне платформасында #Қазақстанның мұғалімдері байқауына қатысты. Сол байқау арқылы біз көптеген креативті және талантты педагогтар туралы білдік. Байқауға 300-ден астам мұғалім қатысып, олардың роликтері 100 миллионнан астам қаралым жинады.
Минас Ерланұлының жаңа цифрлық технологияларды пайдалана отырып, сабақты тиімді өткізу жөніндегі бейнеролигі 1 млн 900 мың қаралым жинады. Әріптестер бұл бейнені көргеннен кейін бөлісуді сұрады.
«Қазіргі уақытта барынша ұстаздармен байланыс жасап қолымнан келгенше көмектесіп жатырмын. Менің TikTok-та 64 мыңға жуық тұрақты оқырманым бар, ал Instagram-да 35 мыңнан астам оқырман бар. Әлеуметтік желілердегі белсенділігімнің арқасында мен республикалық телеарналарынан сұхбат алуға шақыру алдым», – дейді жас педагог.
«Информатика пәнінің мұғалімі Минас Ерланұлы компьютерлер мен смартфондар туралы бәрін біледі. Оның мазмұны тек ізденімпаз оқушыларға ғана емес, сонымен қатар озық мұғалімдерге де пайдалы болады. Автор өз аккаунтында заманауи оқытушының сандық құралдары туралы әңгімелейді, мұғалімдерге арналған пайдалы қосымшалар мен онлайн-платформаларға шолу жасайды, тіпті смартфон галереясына пароль қоюды үйретеді. Минас парағының пайдасын презентацияны қай бағдарламада және қалай жасау керектігін білмейтіндер де бағалай алады» – деп total.kz жаңалықтар ресурсындағы мақалада мұғалім туралы осылай жазылған.
Минас Ерланұлы көпбалалы отбасынан шыққан. Бала кезінен Ерейментау ауданы Өлеңті ауылы мектебінің, кейін Көкшетаудың Ж. Мусин атындағы Қазақ жоғары педагогикалық колледжінің өміріне де белсенді қатысты.
«Біздің мектептің жас маманы үнемі шығармашылық ізденісте болады. Оқушыларды сабаққа тарту үшін Минас Ерланұлы оқытудың жаңа әдістері мен заманауи түрлерін қолданады. Сондай-ақ, «Үздік жас маман – 2022» республикалық байқауының жеңімпазы» – деп Красный Яр с. №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының директоры Гүлзат Бақтыбаева мақтанышпен айтады.
«Мұғалім мен оқушы арасында шектеу болмау керек деп ойлаймын. Қазіргі білім беру саласында барынша жаңартылған заман талабына сай платформаларды қолданып, оқушылырдың қызығушылығын оята алатындай педагог болу қажет деп санаймын» – деп қорытындылайды ұстаз.
Желі қолданушылардың арасында көптеген ұстаздар да Минас Ерланұлына тілектері мен ризашылықтарын білдіруде. Жас болса да, одан үлгі алып, жұмыстарына қосарын алып жүргендерін айтады.