spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
28.2 C
Kokshetau

Өңдеу өнеркәсібі пулындағы барлық 9 жоба іске асты – Ақмола облысының әкімі

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Былтырмен салыстырғанда өсім 13%-ға тең. Өңдеу саласындағы көрсеткіштер 11,3%-ға артты. Бұл металлургия, тамақ өнімдері және машина жасау сияқты базалық салалардағы өсіммен тікелей байланысты. Құрамында алтыны бар кендер және концентраттар өндіруді ұлғайту есебінен тау-кен өндіру секторында 21%-ға тең өсім байқалады.

Бұл мәліметтерді аймақ басшысы Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады. Ол оң динамиканың бар екенін атап өтті.

«Өңдеу өнеркәсібі пулы аясында жарияланған құны 38,7 млрд теңгеге тең 9 жоба іске асырылды. Бұл «Макинск құс фабрикасы» кәсіпорнының үшінші кезегі, «Adelya Gold» ЖШС кенді өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасы, «KAIK» ЖШС шығаратын «Rostselmash» тракторлары мен комбайндарын өндіру және басқалар», – деп атап өтті спикер.

Қазір «Unicorn Holdings Ltd.» және «BIG FARM» сынды 2 ірі агроөнеркәсіптік кешенді әзірлеп, іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика