spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
27.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Сонымен қатар педагог кадрлармен толық қамтылды. Осы жылы 3432 оқушыға арналған 5 мектеп және мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді. 2,5 мың оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 3 мектеп және арнайы мектеп-интернатқа қосымша ғимарат пайдалануға беріледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында облыста 22 мың орынға есептелген 18 мектеп жоспарлануда. Оның 9 құрылысы биыл басталды. Сондай-ақ, біздің аймақ ауыл мектептерін жоғары жылдамдық интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаға қатысады. Жобаға 30 мың оқушымызды қамтитын 270 мектеп енгізілді», – деді өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Облыста Отбасының цифрлық картасына деректерді өзектендіруге қатысты қажетті жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда онда 265 мыңнан астам отбасы тіркелді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 38 медициналық ұйымның құрылысы және екі ауданаралық аурухананы жаңғырту қарастырылды.
Облыстың жол торабының жағдайы жыл сайын жақсаруда. Шамамен 1 мың шақырым жол салынып, жөнделді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика