Клубты командалар арасындағы спорттық WKC каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 5 жастан бастап 18 жастан жоғары жас ерікжеліктері бойынша Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан, сен тұр мен атайын деген 150 спортшы қатысты. Әр салмақ дәрежесінде және ката бағдарламаларында бәсекелестік жоғары деңгейде болды.
Әрқайсысы жеңіс тізгінін бергісі келмесе де, мықтылары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпы командалық есепте 3 орын Рудный қаласы “Лотос” клубының” спортшыларына бұйырды, олардың қанжыларында алтын жоқ болғанымен 4 күміс пен 3 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға 6 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен Балхаш қаласының “WSKF-Balkhash”клубының спортшылары көтерілді. Бірінші орынды Ақмола облысының “Сақтар” спортклубының спортшылары жеңіп алды, 42 алтын, 35 күміс және 40 қола медальмен өз жеңістеріне ешқандай күмән қалдырған жоқ.
Жарыс 5-ші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. “Спортшылар дайындығы мен ұйымдастыру шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылған” деді, Республикалық федерация президенті Руслан Дукембаев. Ақмола командасының мықтылары Руслан Николенко, Аима Терекулова, Аманжол Жанабаев, Жақсылық Әдемі, Аделия Акопян, Дильназ Ауенова, Азиза мен Амина Абдулиндар, Арлан Балтабеков, Аян Айдарбеков, Ғали Ясмина, Жанғожа Айлана, Данила Дембицкий, Айлин Дюсембаева, Али Хайрулин, Әлібек Самир, Грицаева Роксана жеңіс тұғырының биік сатысына көтеріліп мықты екендіктерін бір мәрте дәлелдеді.
Алдағы уақытта ақмолалықтар Тараз қаласында өтетін Азия чемпионатында өз өнерлерін көрсетпекші. Біздің спортшыларға сәттілік тілейміз!