spot_img
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
-2.1 C
Kokshetau

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Сондай-ақ...оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы және Gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар үшін өз сайлау учаскесін іздеуге арналған цифрлық сервис қолжетімді. Дауыс беретін қажетті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика