spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.7 C
Kokshetau

Ақмола облысы Нұресіл ауылындағы мектепті жөндеуді аяқтамаған мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың Целиноград ауданына сапар қорытындысы бойынша тапсырмасы аясында Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Целиноград ауданы Нұресіл ауылының № 48 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу сапасына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында мердігер ұйыммен екі жылға жалпы сомасы               398 млн теңгеден астам шарт жасалғаны анықталды.

Биылғы жұмыс кестесіне сәйкес еден төсеуді аяқтау, жылыту және желдету, су құбыры мен кәріз, электрмен жабдықтау және электр жарығын орнату, терезелер мен есіктерді ауыстыру қажет болды. Алайда, жұмыстарды жүргізу кестесінде 46 күнтізбелік күнге артта қалуға жол берілді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бұзылған.

«Тексеру нәтижелері бойынша «ГрадСтройСервис» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама ҚР ӘҚБтК 312-бабының             2-бөлігі (жобадан ауытқу) бойынша мәні бойынша шаралар қабылдау үшін (санкция-айыппұл және лицензияны тоқтата тұру), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 315-бабы бойынша (құжаттаманың болмауы) сотқа жіберілді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мердігерге нұсқама берілді», – деп атап өтті облыстық басқармада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика