spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Оған Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.

Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Пациент  емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды.

Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен – емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.

Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі «тіркеулерді»  алып тастауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады.

Пилоттық жобаны енгізуге дайындық барысында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілді. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша пациенттердің 50%-ы дәрігерге баруды растау үшін QR кодты енгізу идеясына оң көзқараспен қарайды және 48%-ы QR-растау арқылы қабылдауларын бақылағысы келеді, бұл пациенттердің оң көзқарасы мен жаңа құралды енгізуге дайындығын көрсетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img