spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа инклюзия кабинеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылдың 8 қараша күні Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.
Инклюзия кабинетінде логопед және көмекші ассистент жұмыс жасайды.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай кабинеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл кабинеттің миссиясы – акпараттық және коммуникативтік кедергілерді еңсеруге көмектесу, ерекше дамуы бар балаларды мектеп өміріне бейімдеу үшін ерекше жағдайлар жасау.

Мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ұйымдастырылған кеңістігі-олар шешетін міндеттермен байланысты төрт функционалды аймақтан тұратын заманауи кеңістік:

– Ата-аналарға кеңес беру аймағы;
– Баланың релаксация аймағы (психикалық шаршауды және ақпараттың шамадан тыс жүктелуін жеңілдету, эмоционалды фонды реттеу, стресстік жағдайларды бейтараптандыру);
– Педагогтердің командалық жұмыс аймағы;
– Жеке сабақтар аймағы.

“Әрине, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мектеп пен педагогикалық ұжым тарапынан олардың білімі мен әлеуметтенуіне кешенді көзқарасты талап етеді. Кабинеттің функционалы әдістемелік, ұйымдастырушылық-ақпараттық сүйемелдеу, қоршаған ортаны бейімдеу, жеке білім беру маршруттарын құру, кейбір жағдайларда арнайы педагогтарды қосымша қолдау міндеттерін шешеді”-, деп атап өтті білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Марал Коспанова.

Айта кетейік, облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 38 кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 600-ден астам бала айналысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика