spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанға шетелден азық-түлік көкнәрі мен апиын жеткізу каналының жолын кесу бойынша ауқымды операция жүргізілді – ІІМ

Сондай-ақ...оқыңыз
Қазақстанда үстіміздегі жылдың 10 айында 2405 есірткі қылмысы анықталған. Оның 1287-сі есірткі өткізу және аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 415 фактісі болған. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов осындай мәліметтермен бөлісті.

Оның дерегіне сәйкес, аталған кезеңде 32,6 тонна әр түрлі есірткі, оның ішінде 62 кг героин, 5 тоннадан астам кептірілген марихуана, 503 кг гашиш және 255 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

«6 ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері жойылды. 6 жетекшісі мен 54 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Оларға қатысты ҰҚТ ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде екеуі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін. Жалпы көлемі 114 млн теңге қылмыстық табыстан алынған ақшалай қаражаттарды заңдастырудың 3 фактісінің жолы кесілді. Қылмыстық топ мүшелерінен 100 кг-дан астам есірткі заты, 84 тоннадан астам прекурсорлар, 24 тонна «көкнәр сабаны» тәркіленді», – деп нақтылады министрлік өкілі.

Сондай-ақ ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары жақында құрамында көкнәр сабаны мен апиынның едәуір қоспалары бар азық-түлік көкнәрінің шетелден келіп түсу каналының жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция аяқталғанын хабарлады.

«Ол еліміздің сегіз қаласында – Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында жүзеге асырылды. Полицейлермен қылмыстық топтың 15 ұйымдастырушысы мен мүшелері ұсталды. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн. теңге, 4 қымбат жеңіл автокөліктер мен ауыр жүгі тәркіленді», – деп хабарлады спикер.

Ведомство өкілі ұйымдасқан топтар есірткі тасымалы үшін түрлі әрекеттерге баратынын жеткізді. Мысалы, тамыз айында Павлодар облысында тыйым салынған заттарды қарбыз тиелген фурамен тасымалдау фактісі анықталған. Нәтижесінде «Қордай» бекетіндегі мемлекеттік шекара арқылы өткен 60 келіден астам героин тәркіленді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img