spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді.

Жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отыр. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады.

Вольфганг Кропп жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img