spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының Ақкөл ауданында жаңа әкім таныстырылды  

Сондай-ақ...оқыңыз

5 қарашада елімізде алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы болды.
Ақмола облысында сайлау Ақкөл, Шортанды, Астрахан, Есіл және Жақсы аудандарында өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, Ақкөл ауданында сайлаушылардың келуі 73%-ды құрады. Көпшілік дауыс Біржан Әбдірахмановқа берілді.
Бүгін жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аудан әкімін активке таныстырды.
Өңір басшысы Ақкөл үшін басым мәселелерді айтып, халық таңдағандарының алдына ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.
«Әрбір тұрғынға сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан ауданымыздың өркендеуі үшін бар күш – жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын», – деді Біржан Әбдірахманов.
Айта кетейік, Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы еңбек жолын 2005 жылы «Асти-Строй»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 2016-2023 жылдары Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2023 жылдың қыркүйегінен Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика