spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жел станциялары, зауыттар, жаңа үйлер мен жолдар

Сондай-ақ...оқыңыз

Елорда түбіндегі Аршалы ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қарқынды өсіп келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне өңір әкімі Мұрат Балпан айтып берді.

Елордаға жақын орналасуы Аршалы ауданының инвестициялық тартымдылығына оң ықпалын тигізіп отыр. Биыл қуаты 100 және 50 мегаватт болатын екі жел электр станциясы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы қуаты 250 мегаватт болатын тағы үшеуін тапсыру жоспарланған. Өңірде темірбетон бұйымдарын шығаратын, сондай-ақ қуаты жылына 120 миллион кірпішке жететін кірпіш шығаратын зауыттар салынды, одан бөлек тәулігіне 2 мың тонна дайын асфальтбетон қоспасын өндіретін асфальтбетон зауыты пайдалануға берілді.

Осылайша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 еседен астам өсім көрсеткен.

«Келешекте біз Елтоқ ауылдық округінде керамикалық плиткалар шығаратын зауыттар салу, Ақбұлақ ауылдық округінде саңырауқұлақтар өсіру, сондай-ақ, Жібек жолы ауылдық округінде компьютерлер құрастыру бойынша жобаларымызды пысықтап жатырмыз. Айта кету керек, ауданда экономиканың өсу резервіне айналатын және жаңа жұмыс орындарын ашатын 18 жобадан тұратын пул құрылды», – деп атап өтті Аршалы ауданының әкімі.

Экономиканың негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы.

«Кейінгі екі жылда ет өндіру бағытындағы сегіз ферма және бір сүт-тауар фермасы құрылды. Іске асыру сатысында тағы бір сүт-тауар фермасын салу жобасы тұр. Жалтыркөл ауылында құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысының 3-кезеңі жүріп жатыр – жылына 6 мың тонна. Іске қосу 120-дан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді Мұрат Балпан.

Өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылым мәселесі де маңызды. Бұл бағытта 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Елорда түбіндегі ауыл халқының өсімін ескере отырып, олардың басым бөлігі Жібек жолы ауылдық округіне тиесілі.

«1, 2, 4 және 3-шағын аудандарда су құбыры желілері салынған. Осыған байланысты бұл шағын аудандарға су жеткізу үшін сорғы станциясын енгізу жоспарланған. Былтырдан бастап 6, 7 және 8-шағын ауданда су құбыры желілері салынып жатыр, жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2024 жыл. Осы шағын аудандарда, сондай-ақ Жалтыркөл ауылында жыл соңына дейін электрмен жабдықтау желілері пайда болады. Бұл жұмыстар бойынша Жалтыркөл қаласында үлестіру қосалқы станциясы тапсырылғанын атап өткім келеді. Жібек жолы ауылына келетін болсақ, мұнда қосалқы станция құрылысы аяқталуға жақын», – деді спикер.

Константиновка, Ақбұлақ, Сараба және Ижевское ауылдарында ауылдық жерлерде қауіпсіз және жайлы атмосфера құру үшін көшелерге жарық берілді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы жылы да жалғасады. Аудан әкімінің ақпараты бойынша, жол мәселесі шешімін тауып келеді. Облыстық маңызы бар екі жолды қоса алғанда, тоғыз елді мекенде 111 шақырым жол жөнделді. Жібек жолы ауылында жол желілерін салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кейінгі жылдары 100 шақырымнан астам асфальт төселді, бұл кентішілік жолдардың жалпы ұзындығының 55 пайызы.

Елорда іргесіндегі ауылдар жақын арада табиғи газға қол жеткізе алады. Аршалы ауданында «Жібек жолы ауылында газ желілерін салу» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Тапсыру мерзімі – 2024 жыл.

Автор: Куат Нуралиулы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img