spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанда электрондық еңбек шарттарын қалыптастыру процесі жеңілдетілді

Сондай-ақ...оқыңыз
2023 жылғы қазанда HR.Enbek.kz еңбек ресурстары порталында электрондық еңбек шарттарын жасасу жөніндегі функционал іске қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, Порталда, оның ішінде «Еңбек шарттары» бөлімінде құжаттың жобасын жасауға немесе шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға  жіберуге мүмкіндік беріледі.

Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді. Қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.

 «Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильдік қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қол жетімді болады. Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img