Оның айтуынша, ол заңнамалық өзгерістердің қатарында біріншіден, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту бар. Екіншіден, азаматтар қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босатылып, қажет мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу көзделген. Және де төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау жоспарланып отыр.
«Барлық өзгерістер жеке тұлғалардың құқықтарын қорғап, мүмкіншіліктерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Және де осы процеске басқа да азаматтардың арыздарын қабылдауға мүмкіншілік береді. Қазіргі таңда қайтарылған арыздарды алты айдың ішінде қайта қарауға болады. Сондықтан заңнамалық өзгерістерден кейін қайтарылған арыздар бойынша қайта жүгінуге болады», – деп хабарлады қаржы вице-министрі.