spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы – өскелең ұрпақтың ересек өмірге нақты жолдама алуына бағытталған алғашқы қадам – қаржы вице-министрі

Сондай-ақ...оқыңыз
Ұлттық байлықтың халықтың мүддесіне жұмсалуы және оның игілігін көруі – «Әділетті мемлекетті» құрудың нақты көрінісі. ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы» баспасөз мәслихатында осылай деді.

Ол Парламент қабылдаған Заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделгенін еске салды.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы – өскелең ұрпақтың ересек өмірге нақты жолдама алуына бағытталған алғашқы қадам», – деп атап көрсетті вице-министр.

2023 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 7 млн. адамды құрап отыр. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады.

«Білім алу бағыты бойынша – қаражатты жоғарғы оқу орындарының ақысын төлеуге немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне аударуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалану шектелмейді.Тұрғын үй жағдайын жақсарту бағыты бойынша қаражатты тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл қаражатты бастапқы жарна, ипотекалық қарыздар бойынша төлем ретінде аударуға мүмкіндік беріледі», – деп нақтылады спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img