spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.3 C
Kokshetau

ҚР Қаржы министрлігі: «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру кезең-кезеңімен орындалатын болады

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында оның кезеңдеріне тоқталып өтті.

«Ең алдымен өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның елу пайызының мөлшері анықталады. Бұдан әрі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл ішінде дүниеге келген, қайтыс болған, азаматтық алған және азаматтықты жоғалтқан балалар санын нақтылайды. Деректер толықтай нақтыланғаннан соң Ұлттық Банк кәмелет жасына жеткен балаларға төлем жасау үшін қажетті соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады», – деп нақтылады қаржы вице-министрі.

Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатты балалардың мақсатқа сай пайдалануы үшін екінші деңгейлі банкте немесе ұлттық пошта операторында ашылған шотына жібереді.

Сондай-ақ спикер Ұлттық қордан берілетін төлемдер салық салудан босатылатынын және қажетті нормалар Салық кодексінде жеке көзделгенін хабарлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика