spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейін аралап көрді.

Мемлекет басшысына Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шыққанын еске салып, оның зерттеу жұмыстарымен таныс екенін айтты. Сонымен қатар Президент музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды.

Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті.

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика