Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Есіл ауданы әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсұмхан Есіл ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы айтып берді.
«Аудан тұрғындарының маңызды мәселелерінің бірі жолдар болып табылады, ағымдағы жылы елді мекендердің көше-жол желісінің жай-күйін жақсарту мақсатында жолдарды жөндеу бойынша 14 жобаны іске асыру жоспарланған, оның барысында елді мекендердің 15,8 км жол желісін жалпы сомаға жөндеу жоспарланған, 2022 жылы 10,1 км жөнделді. жоба аяқталған жоқ, бүгінгі күні мердігерлік ұйымдарға өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамау бойынша талап – арыздар берілді», – деді Асқарбек Мақсұманұлы.
Спикер ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Есіл-еркін-Раздольное» жолын орташа жөндеу бойынша екі жылдық жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталғанын хабарлады. Бұдан әрі ол сумен жабдықтау саласына тоқталып, оның негізгі басымдықтардың қатарында екенін, әсіресе халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, әкімнің орынбасары су мәселесі өткір тұрған Игілік кентінде сумен жабдықтауды қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Бүгінгі таңда магистральдық құбырды төсеу, көшелер мен жолдардың тік орналасуы бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жобаны іске асыру ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған болатын, алайда резервуарлар мен сорғы станциясын орнату жұмыстары әлі жүргізілген жоқ.
Айта кету керек, Есіл ауданында әлеуметтік экономикалық өсудің оң динамикасы байқалады, брифинг барысында ауданның жылу жүйесінің қысқы кезеңге толық дайындығы туралы айтылды. Білім беру саласы ерекше бақылауда, онда сапалы мектепке дейінгі және орта білім алу үшін жағдай жасау басымдық болып қала береді.
Жалпы, ауданда тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мәдениет объектілерін, Бузулук ауылындағы монша-кір жуу кешені сияқты әлеуметтік маңызды ғимараттарды жөндеуге бағытталған кешенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Есіл қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Белсенді өмір салты аудан тұрғындары үшін маңызды, Знаменка және Двуречное ауылдарында екі шағын футбол алаңын орнату жұмыстары аяқталды. Сурған ауылында балалар спорт-ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталды. Аудан тұрғындарының әл-ауқатына бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Алма Байгужина