spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов облыс орталығындағы кәсіпорындардың қызметімен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бірқатар қала құраушы өнеркәсіптік нысандарды аралады, сондай-ақ облыс орталығының өндірістік саласының даму барысын бағалады.

Бірінші нысан Көкшетау қаласының теміржол вокзалы болды. 2020 жылы ғимаратты жөндеуге шамамен 45 млн. теңге бөлінді. Қабырғалар ою-өрнекпен безендіріліп, кіреберіс аймағы абаттандырды.

Марат Ахметжанов вокзал маңындағы алаңдағы орындықтардың, төсеніштердің және гүлзарлардың тозуына назар аударды. Ол вокзал мен алаңның бірыңғай дизайнының қажеттілігін атап өтіп, нысанды ҚТЖ балансына беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Мұнда әкім сағатты жөндеу мәселесін қозғады. ЖК «Қазкоммерц» өкілі барлық жұмыстар екі апта ішінде жүргізілетінін айтты.

Бұдан кейін өңір басшысы алғашқы қазақстандық-ресейлік кәсіпорындардың бірі «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ-да болды. 2023 жылдың 8 айында зауыт 37 млрд теңгеге 886 бірлік техника шығарды. «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ директоры Сергей Кистиннің айтуынша, автомобильдер ҚР барлық аумағында экономиканың барлық салалары үшін сатылады.

Сондай-ақ, облыс басшысы «Тыныс» АҚ әлеуетін бағалады. Ол құбыр цехын, өндірістік желілерді аралап, жабдықтарды өндіру технологиясымен танысты. Айта кетейік, зауыт өнімінің шамамен 40%-ы экспортқа жіберіледі.

ЖК «Kazrost Engineering» астық жинайтын комбайндар мен тракторлар шығарады. 2020 жылы өндірісті жаңғырту және шығарылатын техниканың үлгілік қатары кеңейтілді. Осы уақыттан бастап өндірістік кешенге 4 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.

«Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС де ауыл шаруашылығы техникасын өндіреді. Бас директор Олег Балыбин өңір басшысына ҚАИК дамуының ағымдағы бағыты мен даму перспективалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, орташа жалақы 270 мың теңгені құрайды, материалдық қолдау шаралары бар, үстеме жұмыс ақысы төленеді.

Сапар 400-ге жуық адам жұмыс істейтін «ENKI PLUS» ЖШС кірпіш шығаратын зауытқа барумен аяқталды, кәсіпорын директоры Мырзабай Әбдіқалықов керамикалық кірпіш өндіру технологиясы туралы айтты. Жақында мұнда қуаттылығы жылына 30 млн кірпішке дейін жаңа цех салынды.

«Бізде қолдау қажет бірқатар ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамы ерекше құрметке ие болуы тиіс. Педагогтар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар, жұмысшылар, шаруалар еліміздің ең құрметті азаматтары болуға тиіс, ал еңбекқорлықты мемлекеттік наградалармен көтермелеу қажет», – деп түйіндеді М.Ахметжанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img