spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, онда ақмолалықтар өңір басшысына бетпе-бет, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы жүгінді.

Тұрғындар тарапынан пәтер бөлу, «Оқжетпес» стадионының футбол алаңын жөндеу, саяжай учаскесіне меншік құқығын тану, жер учаскелеріне қатысты, құс фабрикасын салу және т. б. сияқты аса қызықты сұрақтар қойылды.

Мысалы, Целиноград ауданының тұрғындары Гүлнар Мермұқанова, Күлтай Жүнісова «Жайлау City» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Облыс әкімі облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Арман Ризановқа инвестор мен мүдделі органдардың қатысуымен жедел кеңес ұйымдастырып мәселені шешу тетіктері егжей-тегжейлі қарауды тапсырды.

Зейнеткер Меңдіғали Алшынбаев саяжай учаскесіне меншік құқығын тану туралы жағдайды түсіндіруді сұрады.

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса бұл мәселе сол жерге барып қаралатынын, сондай-ақ учаскеге құқық белгілейтін құжаттар зерделенетінін түсіндірді.

«Осы өтінішті тексеруді, заң аясында әділ шешім табуды тапсырамын», – деді өңір басшысы.

Жеке кәсіпкер Аманжол Меңдібаев жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесін бойынша жүгінді.

Өтінішті тыңдап, Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановқа осы мәселемен айналысуды және тиісті шешімдер қабылдауды тапсырды.

Соңында өңір басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнамалар шеңберінде өз шешімін табады, мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың проблемаларын уақытында қарау және шешу қажеттігін еске салып, тиісті тапсырмалар берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img