spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

80-нен астам ақмолалық оқушы «Менің шағын Отаным» Республикалық жас тарихшылар байқауының облыстық кезеңіне қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңін өткізілді.

Байқау туған өлкенің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін дамытуға ықпал етеді.

Іс-шара Сандықтау ауылының «Жасдәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің алаңда өтті. Облыстық кезеңге 16 ауданнан, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан мектепішілік және аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен 81 оқушы қатысты.

Байқау екі тур бойынша өткізілді:

І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалды

ІІ тур  – 4 номинация бойынша өткізілді:

-«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы;

-«Шағын  Отанымның символы» номинациясы;

-«Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы;

-«Менің туған өлкем» номинациясы.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталармен марапатталды.

Құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика