spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
21.2 C
Kokshetau

Роман Скляр Ақмола облысы Бестөбе кентінің тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Қазақалтын» ЖШС Бестөбе кенішінде болып, шахтадағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

«Алтыналмас АК» АҚ Басқарма төрағасы Баламир Маханов тамыз айында шахта суларын айдау жұмыстары басталғанын хабарлады. 2 қазанда 200 мың текше метрден астам су сорылды. Жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта шахтада 417 қызметкер жұмыс істейді. Босатылған персоналды іргелес кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Су сорылған кезде қосымша сорғы жабдығы қосылады. Жаңа учаскелердің ашылуымен қосымша персоналды кезең-кезеңімен тарту жоспарланған. Бұрын кеніште жұмыс істеген кент тұрғындарын жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі. Компания барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын болады.

Роман Скляр мен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Бестөбе кентінің тұрғындарымен кездесуі барысында кенттің инфрақұрылымдық дамуы, ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру және 2021 жылдан бастап жұмыс істемейтін кеніштің одан әрі жұмысы, сондай-ақ кенді заңсыз өндіру мәселелері қозғалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика