spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде дамыту – ассамблея мақсаты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ақпараттық-түсіндіру тобы Астрахан ауданының шалғайда жатқан Первомайка селосының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Топ құрамына ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары енді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ермек Нұғыманов тыңдаушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа Тұжырымдамасымен таныстырып, ҚХА өз қызметін қайта форматтағанын атап өтті. Қазіргі уақытта оның мәдени-бұқаралық іс-шаралардан жұмысында басты назар ағартушылық қызметке, ұлттық бірегейлік пен халық бірлігін нығайтуға, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға аударылды. Бұдан әрі облыстық Достық үйінің Ресурстық орталық және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе ретіндегі жұмысы туралы айтып берді.

Сөз сөйлеген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Сабырова Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтары және «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин мемлекеттік тілді дамыту, түрлі этнос өкілдерін қазақ халқының тарихы, дәстүрі, мәдениеті, өнері мен тұрмысын насихаттау арқылы бір ұлтқа топтастыру туралы айтып берді.

Кездесуге соңында ассамблея жұмысына белсенді араласып жүргендер«Қоғамдық келісім» КММ-нің Алғыс хаттарымен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img