spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
6.3 C
Kokshetau

Көкшетаудағы №14 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желіде тараған Көкшетау қаласындағы №14 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталмау мәселесіне байланысты арыз-шағымдарды ескере отырып, «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы аталған мектепке барып, мән жайды анықтап, бақылауына алды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Аталған мектептің ғимаратындағы 3 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарын «Севимсталькон» ЖШС-гі жүргізіп жатыр, күрделі жөндеудің жалпы соммасы 750 млн теңге болса, биылғы жылы 350 млн. теңге игерілген. Келісім шарт бойынша жөндеу ағымдағы жылдың 15 қазанында аяқталуы қажет. Дәл қазіргі уақытта есік, терезелер орнатылып, әр қабаттың кафелі салынған. Кабинеттерге линолиум төселіп, электрмонтаждау жұмыстары аяқталған. Спорт залы мен мәжіліс залы дайын. Сонымен қатар, әжетханалар толық жөндеуден өтті.

Облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы жөндеуді толығымен 25 қыркүйекте аяқтауға ұсыныс берді. Айта кетерлігі, жөндеу жүріп жатқан бұл ғимарат осыған дейін шағын орталық болса, қазіргі уақытта №14 орта мектептің құрамына берілген ғимарат. Жөндеу жұмыстары оқушылардың білім алуына еш кедергі келтірмеуде. Қазіргі уақытта жөндеудің соңғы жұмыстары жасалып жатыр. Бұл мәселе партиялық бақылау комиссиясының қатаң бақылауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика